Қырғызстанның премьер-министрі өзін уламақ болғандығын айтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның премьер-министрі өзін уламақ болғандығын айтуда

Қырғызстанның премьер-министрі өзін уламақ болғандығын айтуда

БІШКЕК. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев өзінің өміріне қастандық жасалғандығын айтуда. Бұл туралы үкімет басшысы бүгін парламент отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 22 Мамыр 2007
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Менің өміріме қастандық жасалғаннан кейін мен осы қызметте қалу ниетімді бекіте түстім»,- деп хабарлады А. Атамбаев. Ол алған қойылған мақсаттар үшін бар күшімен еңбек етуге дайын екендігі туралы мәлімдеді. Үкімет басшысы парламентшілерден қажетті заңдарды қабылдау арқылы өзіне көмектесуге шақырды.

Отырыстан кейін журналистерге А. Атамбев өзіне жасалған қастандық туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Мені 11-мамырда өзімнің жұмыс кабинетімде улады»,- деп мәлім етті ол. Премьер-министрдің пайымдауынша, уландырғыш зат стакандағы суға қосылған. «Екі апта менің қанымды тазалады және қазір өздеріңіз көріп отырғандай, мен дін-аманмын»,- деп қосты ол.

А. Атамбаев, жасалған қастандық оның үкімет басшысы қызметін тастамауға деген ниетін нығайта түскендігін деп атап көрсетті. «Мен өзімді қорқытқанды жақсы көрмеймін»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті