Әскери полиция Өскемендегі бөлімнен қашып кеткен әскерді іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери полиция Өскемендегі бөлімнен қашып кеткен әскерді іздеп жатыр

Әскери полиция Өскемендегі бөлімнен қашып кеткен әскерді іздеп жатыр

ӨСКЕМЕН. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Әскери полиция Өскеменде орналасқан 5518 бөлімнен қашып кеткен әскерді іздеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Мамыр 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бүгін әскери полиция жергілікті БАҚ-тар арқылы қашқынға қатысты мәліметтерді жария етті. «Бұл әскер табылған жағдайда тез арада оны ұстап, құқық қорғау мекемелеріне тапсыру қажет», делінген таратылған хабарда. Kazakhstan Today тілшісіне бөлімнен хабарлағанындай, 21 жастағы, Солтүстік Қазақстан облысының Виноградовка ауылының тумасы, Евгений Елистратов есімді ефрейтор бөлімнен 15-мамырда қашып кеткен. Ефрейтордың мұндай әрекетінің себебін ондағылар түсіндірмей отыр. Бір белгілісі, қашқынның қолында ол кезде қару болмаған.

Е.Елистратов республиканың ішкі әскерлері қатарына Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданынан 2005-жылдың қараша айында шақырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті