Бүгін «Қазақстанның демократиялануының жаңа кезеңі — еркін демократиялық қоғамның жедел дамуы» тақырыбы аясында өткен «дөңгелек үстелде» Владимир Фоос Орталық сайлау комиссиясы өткен жылы сайлау заңнамасына түзетулер енгізу бағытындағы жұмыстармен өте қауырт айналысқанын атап өтті. «Біз бұл ұсыныстарды Әділет министрлігіне жібердік. Онда жұмыс тобы құрылған және қыркүйек айына арналған заң жобасы жұмыстарының жоспарында бұл заң жобасы тұр», — деді ол.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары жақын уақыттарда парламентке сайлау заңнамасына тағы бір түзету жобасы енгізілетінін айтты.
«Бастапқыда конституциялық заңдарды Конституцияға сәйкестендіруге бағытталуы мүмкін және заң жобасын жасау жұмыстардың жоспарына енгізіліп қойған заңның жобасын жасау түрінде жұмыстар жалғасуы мүмкін», — деді В. Фоос.
Естеріңізге сала кетсек, Орталық сайлау комиссиясы өткен жыл көлемінде Қазақстанның саяси партияларының қатысуымен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы берген кеңестерді ескере отырып «Сайлау туралы» конституциялық заңға түзетулер енгізу жұмыстарымен шұғылданған болатын. Атап айтқанда, аумақтық сайлау комиссияларын құру тәртібін толығымен өзгерту; президенттікке үміткерлерді ұсыну мен тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізу, оның ішінде президенттіктен үміткерлердің өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін жою ұсынылған болатын.
Сондай-ақ, заң жобасымен үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау процедурасын белгілеу ұсынылады, себебі қазіргі уақытта бұл процедура Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен регламенттеледі.
Үміткерді кірісі мен мүлкі туралы декларация толтыру барысында жалған мәліметтер бергені үшін тіркемеуді алып тастау ұсынылған. Аталмыш норманы парламент, мәслихат депутаттығынан үміткерлерге, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерінен үміткерлерге қатысты да енгізу ұсынылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті