Бакуде Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың бірінші конференциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде  Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың бірінші конференциясы басталды

Бакуде Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың бірінші конференциясы басталды

БАКУ. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Бакуде Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың бірінші конференциясы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі

  • 23 Мамыр 2007
  • 612
Фото - Caravan.kz

Шараны ашқан Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар министрі Гусейн Багиров Әзербайжанның Бакуде аталмыш бас қосуды өткізуге айрықша маңыз беретінін атап өтті.

Ол 23-24-мамырда конференцияның Каспий теңізін қоршай орналасқан бес мемлекеттің экологиялық мекемелерінің сарапшылары деңгейінде өтетінін жеткізді. Тараптар конференцияның қаржылық және процедуралық ережелерін; Негіздемелік конвенцияның ұйымдастырылу құрылымына қатысты мәселелерді; Каспийдегі тастанды суларды басқару мен теңізді қоршаған ортаны қорғауға қатысты басқа да шаралар жайын талқылайды. 25-мамыр, жұмада конференция министрлер деңгейінде өз жұмысын жалғастырады, бұл кездесу барысында қабылданған шешімдерді бекіту үшін бірқатар хаттамаға қол қойылмақ.

«Бас қосу барысында «Негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың конференциясының процедуралық ережелері», «Негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың конференциясының қаржылық ережелері», Негіздемелік конвенцияның ұйымдастырушылық құрылымы жөніндегі құжат пен басқа да бірқатар құжаттар қабылданады. Шараның қорытындысы бойынша тараптардың бірінші конференциясының декларациясы қабылданады»,- деп хабарлайды министрлік.

«қабылданған шешімдер каспийді қоршай орналасқан бес мемлекеттің әл-ауқатының артуына қызмет етеді деп сенеміз. Әзербайжан жағы Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның тұрақты хатшылығының іс-қызметін Бакуде ұйымдастыру жөнінде бұрын жасаған ұсынысын қайта растағысы келеді. Біз хатшылықтың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайларды жасауға дайынбыз»,- деді министр.

Конвенция 2003-жылдың 4-қарашасында Тегеранда хатталған. Оған Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан қол қойды.

Бұл конвенцияның мақсаты Каспий теңізіндегі қоршаған ортаны барлық ластау көздерінен қорғау, сондай-ақ, Каспий теңізінің ресурстарын күзету, сақтау мен тиімді пайдалану болып табылады. Құжатта сонымен қатар Каспий теңізі ортасын күзету, сақтау мен қалпына келтірудің, оның ластануының алдын алуға бағытталған тиісті шараларды дербес немесе бірлесе қабылдау қарастырылған.

Конвенция ережелерін орындауда келісуші жақтар басшылыққа алатын басты принциптердің бірі — «ақшаны ластаушы төлейді» деген принцип болмақ. Оған сәйкес теңіздің бассейніне кері әсер еткен жақ Каспийдегі теңіз ортасының ластануының алдын алу, бақылау мен азайтуға бағытталған шаралардың шығынын өз мойнына алады.

Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны Әзербайжан 2006-жылдың сәуірінде бекітті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті