Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шұғыл мәлімет бойынша, «Жайсаң теміржол» шекаралық бақылау бөлімінде көлік құралдарын тексеру кезінде Тәжікстанның екі азаматы тұтқындалды. «Қамауға алынғандар Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстаннан Ресейге Ташкент — Уфа бағытындағы №381 поезда кетіп бара жатқан», — деп түсіндірді шекарашылар.
Олардың айтуы бойынша, тұтқындалғандардың біріне тиесілі сөмкедегі заттарды тексеру кезінде скотчмен оралған есірткісі бар дорбалар табылған. «Сол жерде жүргізілген сараптама көрсеткендей, бұл — салмағы 1,5 кг тартатын героин болып шыққан», — деп атап өтті баспасөз қызметі. Сондай-ақ, шекарашылар екінші тұтқындалғаннан етігінде жасырылған салмағы 5 грамнан астам героинді тапқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті