Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағының бизнесмендері Павлодар облысымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңжаң   Ұйғыр автономиялық аймағының  бизнесмендері Павлодар облысымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отыр

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағының бизнесмендері Павлодар облысымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отыр

ПАВЛОДАР. 24 мамыр. Kazakhstan Today. Кеше Павлодар қаласына облысының экономикалық мүмкіндіктерін зерттеу үшін Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағынан делегация келді. Оның құрамында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілігінің өкілдері және өнеркәсіптік кәсіпорындардың жетекшілері бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 24 Мамыр 2007
  • 596
Фото - Caravan.kz

«Қазірдің өзінде бірнеше Қытай компаниялары Павлодар облысында сәтті жұмыс істеуде. Бірақ біз экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту ниетіндеміз», — деді делегация жетекшісі, Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағының үкіметі төрағасының орынбасары Ху Вэй Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісовпен кездесуінде.

«Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағы үшін сіздердің мемлекеттеріңіз басты экономикалық серіктес болып табылады және байқалып отырған үрдістер бұл байланыстардың бұдан әрі де беки түсетіндігін көрсетеді», — деп атап өтті делегация жетекшісі.

Ол «қазір қытай бизнесінің назары Павлодар облысы секілді индустриялық дамыған солтүстік аймағына ауып отыр» деген делегацияның ортақ ойын жеткізді. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағы делегациясының жетекшісі хабарлағандай, Қытай жағы Екібастұзда екі қуатты энергостанция салу мәселесін белсенді қарастырып жатыр.

Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі бүкіл Қазақстан секілді бұл аймақ та шетелдік инвестицияға есіктері ашық екендігін айтты. Ол, сондай-ақ, республика президенті және үкіметі шетелдік инвесторлар өздерін Қазақстанда ыңғайсыз сезінбеулері үшін барлық жағдайды жасайтындықтарын жеткізді. Қазір мемлекет барлық жобаларға өте мұқият қарайды және, Қайрат Нұрпейісов атап көрсеткендей, жалғыз қойылар талап — жоғары дамыған өндірістерді енгізуді жоғары бағалайды.

Кездесу соңында тараптар аймақта қытай бизнесінің қатысу мәселелерін зерттеуге және өзара пайдалы ынтымақтастықты одан әрі де кеңейте түсу үшін келіссөздерді белсенді жалғастыра беруге келісті.

Қытай жағының ақпаратына сәйкес, 1992 жыл мен 2006 жыл арасында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағы мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 23 млрд 130 млн доллардан асып жығылды. Бұл бүкіл Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы көлемінің 70 пайызы болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті