Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қарағанды облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қазметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында АК-159/6 мекемесінің қызметкері, әділет капитанын құрықтады. «Тінту барысында одан 41,89 грамм гашиш тәркіленді»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының, 3-тармағы бойынша (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату) қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тұтқындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті