«Кемерово облысындағы шахтада қазіргі уақытта 33 кеншінің қайтыс болғандығы анықталды, бесеуінің тағдыры белгісіз»,- деп хабарлады ресейлік агенттікке Ростехнадзор мекемесінің ресми өкілі.
Шахтадағы апат мәскеу уақыты бойынша 7 сағат 20 минутта (Астана уақыты бойынша 9.20) болған. Шахтада метан жарылысы болған деген болжам жасалуда. Апат кезінде жер астында 217 шахтер болған, олардың 180-ге жуығы жер бетіне шығарылған.
Қазіргі уақытта шахтада қалған кеншілерді 30-дан астам құтқару тобы іздеп жатыр. Кузбасс губернаторы Аман Төлеев 26-мамырды аймақта қаралы күн деп жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті