Республикадағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жөніндегі болжамға сәйкес, бұрын хабарланғандай мұнай өндіру 2008 жылы — 80 млн тоннаны, 2009 жылы — 78 млн тоннаны құрайды. Үкіметтің болжамы бойынша, 2007 жылы мұнайдан түсетін кіріс Жалпы ішкі өнімнің 18,3 пайызын, 2008 жылы — 16,4 пайызын, 2009 жылы — 16 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасында 2005 жылы 31,65 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілсе, 2006 жылы бұл көрсеткіш 64,8 млн тоннаны құраған.
Қазақстан бойынша алып пайдаланылатын көмірсутегінің қоры құрғақтағы қорды қоса еептегенде 4,8 млрд тонна (35 млрд баррель ) мұнайды, 3,4 трлн текше метр көгілдір отынды құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті