Рахат Әлиев өзіне тағылған айыпты абсурд деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рахат Әлиев өзіне тағылған айыпты абсурд деп санайды

Рахат Әлиев өзіне тағылған айыпты абсурд деп санайды

АЛМАТЫ. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі Рахат Әлиев өзіне адам ұрлауға қатысты тағылған айыпты абсурд деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 25 Мамыр 2007
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Мен үшін бұл істі қозғау мүлдем мағынасыз екендігі айқын»,- деді Рахат Әлиев Би-би-сиге берген сұхбатында. «Мен барлық тергеу істері мен сұрақтарға жауап беруге дайынмын, бірақ мен үшін бұл жағдай ешқандай қисынға келмейді»,- деп атап көрсетті дипломат.

Рахат Әлиев өзі акционері болып табылатын «Нұрбанк» банк басқармасының бұрынғы төрағасын іздеуге көмектесетін кез-келген ақпарат үшін сыйақы жариялағандығын еске сала кетті. «Әрине, мен де Темірәлиевтің табылғанын қалаймын»,- деді Рахат Әлиев.

Би-би-си сондай-ақ «КТК» телеарнасы мен «Караван» апталығы… өз қызметін тоқтатты деп хабарлады. «Телеарна мен газеттің жабылуынан бір күн бұрын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Рахат Әлиевті 2007 жылдың қаңтарында … Әбілмәжін Гылымов пен Жолдас Темірәлиевті ұрлаған деп айыптай отырып, оның үстінен қылмыстық іс қозғаған»,- деп хабарлайды Би-би-си.

«Қазақстан Республикасыныі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Қожахметовтың айтуынша, тексеру тікелей президент Назарбаевтың тапсырмасымен жүргізілуде»,- делінген Би-Би-Си хабарында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті