СІМ өкілінің хабарлауынша, Түрікменстан президенті сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақтың үкімет мүшелерінің қатысуымен келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Бұл келіссөздердің негізгі тақырыбы — қазақ-түркімен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту болады.
«Атап айтар болсақ, қазақстандық компаниялардың Түрікменстандағы мұнай-газ кеніштерін игеру жобаларына, елдер арасындағы темір жол тармақтары мен өзге де көлік жолдарының құрылысына қатысу мүмкіндіктерін, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылау көзделуде. Сапар қарсаңында Алматы мен Ашхабад арасында аптасына екі рет әуе қатынасы қайта іске қосылды»,- деді Е.Ашықбаев.
Келіссөздердің нәтижесінде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті