Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ресейге ресми сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ресейге ресми  сапармен барады

Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ресейге ресми сапармен барады

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. 31 мамыр - 1 маусым аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Ресей Федерациясына ресми сапары өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Мамыр 2007
  • 344
Фото - Caravan.kz

«Ресей Федерациясының басшылығымен кездесуі барысында екі жақты ынтымақтастықтың барлық ауқымы бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Сонымен қоса, Ресейдің Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесуі жоспарланған»,- деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті