Республика үкімет басшысы Кувейт ұлттық қауіпсіздік министрі, Азия Олимпиадалық кеңестің президентімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы Кувейт   ұлттық қауіпсіздік министрі, Азия Олимпиадалық кеңестің президентімен кездесті

Республика үкімет басшысы Кувейт ұлттық қауіпсіздік министрі, Азия Олимпиадалық кеңестің президентімен кездесті

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кувейт мемлекетінің ұлттық қауіпсіздік министрі, Азия Олимпиадалық кеңестің президенті Шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабахпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Мамыр 2007
  • 509
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында 2011 жылы Алматы қаласында өтетін жетінші Қысқы Азия ойындарына дайындық мәселесі талқыланды.

Сонымен бірге, тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың үлкен деңгейі бойынша пікір алмасты.

«Саясат, экономика, сауда, мәдени- гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Біз жуық арада Кувейттің Қазақстандағы елшілігін ашуды жоспарлап отырмыз»- деді кездесу барысында Шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах.

Мысалы, Кувейт кәсіпкерлері Қазақстанда негізінен энергетика саласында белсенді жұмыс істеп жүр.

К.Мәсімовтің айтуынша, «тек қана энергетика саласында емес, экономиканың өзге де салаларында Қазақстан-Кувейт бірлескен кәсіпорындардың санын арттыру қажеттігі туындап отыр».

Кездесу соңында үкіметі басшысы К.Мәсімов Кувейт елінің премьер-министрін Қазақстанға келіп қайтуға шақырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті