«Қыркүйек айында біз осы құбырды тарту жөніндегі келісімге келеміз деген ойдамын», деп атап өтті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Бұрын хабарлағанымыздай, Түркіменбашы қаласында 2007 жылы мамырдың 12-сінде Қазақстан, Ресей және Түркіменстан президенттері қол қойған бірлескен декларацияға сәйкес, аталмыш мемлекеттердің үкіметтері қыркүйектің 1-не дейін Каспий газ құбырын салу мәселесіндегі ынтымақтастық туралы үш жақты келісімді дайындап бекітулері керек болатын. Сонымен қатар, ел үкіметтері қазіргі газ тасымалдау жүйесін қайта жөндеуден өткізу және Орта Азиядан табиғи газды тасымалдайтын жаңа қуат көздерін құру бойынша ынтымақтастық туралы төрт жақты (Өзбекстанмен қоса) келісімге қол қоюлары тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті