Шығыс Қазақстан облысында Қазақстаннан Ресейге бет алған поездың жолсерігінен кедендік бақылаудан жасырылған 65 күзен терісі алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстаннан Ресейге бет алған  поездың жолсерігінен кедендік бақылаудан жасырылған 65 күзен терісі алынды

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстаннан Ресейге бет алған поездың жолсерігінен кедендік бақылаудан жасырылған 65 күзен терісі алынды

СЕМЕЙ. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында Қазақстаннан Ресейге қатынап бара жатқан поездың жолсерігінен кедендік бақылаудан жасырылған 65 күзен терісі алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Семей" кеденінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 29 Мамыр 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Ауыл» станциясында «Железнодорожный» кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесе Новосибирск — Алматы бағытындағы №301-жолаушылар поезын кедендік тексеру кезінде вагондардың біріндегі жолсеріктің қызметтік купесінде жол сөмкеден жапсырғышпен қапталған екі полиэтилен дорбаны тапқан. «Ашқан кезде дорбалардан кедендік бақылаудан жасырылған 65 күзен терісі анықталды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кеден қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, тұтқындалушы Новосибирскіде поезд жүрердің алдында оған бейтаныс әйел келіп, тасымал үшін алдын-ала 2 мың ресей рублін төлеп, Семейге дейін күзен терісін жеткізіп беруді өтінді деген екен. «Бұл тауарды жолсерік декларациядан өткізбеген. Себебі, шекарадан кедендік бақылаудан жасырып өткізіп жіберуге болады деп ойлаған», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, сараптама жүргізу мезгіліндегі 65 күзен терісінің нарықтық құны 350 мың теңгені құрауы мүмкін. «Тәркіленген тауардың кедендік құны 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтындығын есепке ала отырып, жолсеріктің бұл әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 209 бабында қарастырылған «Экономикалық контрабанда» қылмысының құрамы жоқ», — деді баспасөз қызметі. Тұтқындалған қазіргі күні тауарды кедендік бақылаудан жасырғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті