«Заң жобасының мақсаты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу және сапасының жоғары жеңгейін қамтамасыз ету болып табылады»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.
Оның айтуынша, заң жобасына мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің реестрі секілді ұғымдар енгізілген. Бұған қоса заң жобасында мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттерге сай көрсетілетіндігі айқындалған. Д.Құсдәулетовтың айтуынша, бұл ретте реестрге енгізілген әрбір мемлекеттік қызмет бойынша тиісті стандарт пен регламент бекітілмек.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті