Келісімнің мақсаты жеке және заңды тұлғаларға — екі ел резиденттеріне қосарлы салық салуды болдырмау, сонымен қатар мәліметтер мен құжаттарды беру, тәжірибе алмасу, тергеулер жүргізу және алынған мәліметтер мен құжаттарды пайдалану болып табылады.
Құжатқа сәйкес, салықтың кез-келген түрі бойынша ақпарат алмасу құпия болып табылады. Екі елдің өкілетті органдарының өкілдері аталмыш келісімде қарастырылмаған жағдайда қосарлы салықты болдырмау үшін өзара кеңес жүргізе алады.
Келісімге Сингапурде 2006 жылдың 19-қыркүйегінде қол қойылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті