Сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулер жобасы парламенттің қарауына ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулер жобасы парламенттің қарауына ұсынылды

Сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулер жобасы парламенттің қарауына ұсынылды

АСТАНА. 29-мамыр. Kazakhstan Today. "Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы парламентке енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Мамыр 2007
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Енгізілетін түзетулерді екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа Конституция нормаларын жүзеге асыру үшін енгізілетін түзетулер жатса, екінші топқа сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған және түзетулерді нақтылайтын түзетулер кіреді»,- деді мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің отырысында құжатты депутаттарға таныстырған әділет вице-министрі Дәулет Құсдәулетов.

Вице-министрдің айтуынша, бірінші топтағы өзгерістер аясында мәжілісті құрудың жаңа тәртіптері қарастырылған. «Мәселен, онда көрсетілгеніндей, мәжілістің 107 депутатының 98-і біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционал сайлау жүйесінің негізінде партиялық тәзәм бойынша сайланса, қалған 9 депутатты Қазақстан халықтарының ассамблеясы сайлайды, соған байланысты конституциялық заңға осы өзгерістен туындайтын түзетулер енгізіледі және олар жалпы алғанда сайлау процессінің барлық сатыларын қамтиды»,- деді Д.Құсдәулетов.

Сонымен бірге заң жобасында Орталық сайлау комиссиясын жасақтау және оның іс-қызметін ұйымдастырудың жаңа тәртіптері айқындалады.

«Президенттің өкілеттілігінің мерзімі қысқартылуға байланысты кезекті сайлауды 5 жылда өткізу жөнінде түзету енгізіледі»,- деді ол.

Сонымен бірге «Сайлау туралы» конституциялық заңның 87 бабы жаңа редакциямен беріледі: саяси партияларды өткен сайлау қорытындысына сәйкес қаржыландыру көлемін ескере отырып сайлау жарнасының мөлшерін әртүрлі белгілеу қарастырылған». «Мәселен, өткен сайлауда 7 және одан жоғары процент дауыс жинаған партия сайлау жарнасын төлемейді. Ал өткен сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5-7 процент дауысын жинаған саяси партия 50 процент көлемінде сайлау жарнасын төлейді. Ал 3-5 процент дауыс жинаған партия сайлау жарнасының 70 проценті көлемінде сайлау жарнасын төлейді. Ал сайлау жарнасының мөлшері бұрынғы қалпында қалды»,- деді Д.Құсдәулетов.

Бұған қоса конституциялық заңның 89-бабы жаңа редакциямен беріліп, онда «Қазақстан халықтары ассамблеясынан ұсынылған кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеуге қажетті құжаттар айқындалады».

Ал екінші топқа вице-министр сенімді тұлғалардың өкілеттілігі мен бақылаушылардың өкілеттілігін, кету куәліктерін беру тәртіптерін нақтылайтын нормаларды жатқызды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті