Мекеме ақпаратына сәйкес, Индер ауданы, Атырау-Индер тас жолының 111 шақырымында 30-мамырда «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы әйел оқиға орнында опат болды. Тағы төрт жолаушы, соның ішінде 5 жасар бала ауруханаға түсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті