Қызылорда облысында тауарлық поездың тепловозы өртену салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында тауарлық поездың тепловозы өртену салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды

Қызылорда облысында тауарлық поездың тепловозы өртену салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында тауарлық поездың тепловозы өртену салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Мамыр 2007
  • 492
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қармақшы ауданында, Қорқыт Ата және Ордазы бекеттері арасындағы жол бөлігінде 30 -мамырда 15 сағат 53 минутта Ақтөбе-Алматы бағытында қатынайтын №2416 тауарлық поездың тепловозы өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқыс оқиға салдарынан поездардың қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылды. Өртті 16 сағат 10 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің күштері, 5 адам мен 1 техника және Қазалы станциясының 12 адамнан құралған өрт сөндіруші поезы сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті