Мәселен, Ақмола облысының Хуторок ауылында бір жай үйдегі өртті сөндірген кезде 4 жасар баланың мәйіті табылды, ал 53 жастағы әйелді үшінші дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызуға тура келген. Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтауға 1 сағаттан астам уақытта сарп етті.
Талдықорғандағы өрт екі адамның өмірін қиды. Өрт бейсенбіден жұмаға қараған түні адамдар тұратын вагончикте шыққан. Өртті сөндірген кезде ол жерден екі ер адамның мәйіттері табылды, олардың аты-жөні анықталған жоқ. Сондай-ақ, 32 жастағы еркек ауруханаға жеткізілді. Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру күштері сөндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті