«Осы аптада облыста мақта егу науқаны аяқталды»,- деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаментінің егін шаруашылығы бөлімінің бастығы Сәрсенбі Мырзаев.
Ауылшаруашылығы департаментінің мәліметтерінше, облыста 196,2 мың гектарға мақта егілді. С.Мырзаевтың хабарлауынша, былтыр 199 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 435,3 мың тонна шикі мақта түсімі жиналды.
Сөйтіп, мамандардың су тапшылығы туралы ескертулеріне қарамастан, Оңтүстік Қазақстанда мақта егісі азайған жоқ.
Биыл мамандар ылғалсүйгіш дақылдар егісін азайту жөнінде кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізген, себебі, гидрологтар мен метеорологтардың болжамына сәйкес, биыл Арал-Сырдария бассейніне су әдеттегіден аз келмек, соған сәйкес егінді суаруға қажетті су көлемі азаяды. «Югводхоз» РМК мамандарының есептеуінше, мақта дақылы егілетін алқаптарды 165 мың гектарға дейін азайту қажет болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті