2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасындағы инфляция  0,7 процентті құрады

2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7 процентті құрады

АЛМАТЫ. 1-маусым. Kazakhstan Today. 2007 жылдың мамырында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7 процентті, жыл басынан бері 3,8 процентті құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2007
  • 349
Фото - Caravan.kz

Агенттіке ақпаратына сәйкес, 2007 жылдың мамырында тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 100,7% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 0,8%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы 0,6%-ға өссе, ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсімі 0,5% құрады.

Жыл басынан бергі кезең ішінде (2007 жылғы мамыр 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағалары мен тарифтері 3,8%-ға, азық-түлік тауарларының бағалары — 4,8%-ға, азық-түлік есмес тауарларының бағалары — 2,1%-ға, ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтері — 4%-ға өсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті