Шығыс Қазақстан облысының Куленковка аулында дүкен өртеніп кетті, құрбан болғандар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының Куленковка аулында дүкен өртеніп кетті, құрбан болғандар жоқ

Шығыс Қазақстан облысының Куленковка аулында дүкен өртеніп кетті, құрбан болғандар жоқ

СЕМЕЙ. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Куленковка аулында дүкен өртеніп кетті, құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жалын бірнеше минуттар ішінде ғимараттың ішкі бөлігін түгелдей шарпыған. «Өртті толығымен сөндіруге төрт сағат уақыт кетті, тілсіз жауға тіптен таңертеңгі жаңбыр да септігін тигізе алмаған»,- деп түсіндірді өрт сөндірушілер.

«Өртті сөндіруге жеке құрамның 8 адамы жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі қазір анықталуда»,- деп хабарлады өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасарының аға көмекшісі Алексей Майер.

Оның айтуынша, өрттің шығу себебін тексеріп жатқан анықтаушылар үш болжам айтып отыр. Олардың бірі — электр желісіне әсер еткен найзағай оты болуы ықтимал.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті