Шығыс Қазақстан облысында үш адам кене энцефалитімен ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында үш адам кене энцефалитімен ауруханаға жатқызылды

Шығыс Қазақстан облысында үш адам кене энцефалитімен ауруханаға жатқызылды

СЕМЕЙ. 1-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында үш адам "кене энцефалиті" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ШҚО мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінен хабарлады.

  • 1 Маусым 2007
  • 338
Фото - Caravan.kz

Риддердің екі тұрғыны қала маңы мен Глубоковский ауданы Тарханка ауылының маңында кене шағып алу салдарынан жапа шексе, тағы біреуі Өскемен тұрғыны. Олардың бәрі де ересек адамдар.

Департаменттің хабарлауынша, науқастар кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин еккізбеген. Қазір олар ауруханада арнаулы ем қабылдауда.

Жалпы алғанда 28-наурыз бен 29-мамыр аралығында кене шағып алуға байланысты облыстың емдеу мекемелеріне 1872 адам көмекке жүгінген (2006-жылдың осы мерзімінде 1294 адам болған).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті