Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015-жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015-жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын жасады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015-жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын жасады

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті 2015-жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасының жобасын жасады. Бұл туралы бүгін сенат депутаттарымен кездесу барысында комитет төрағасы Жазбек Әбдиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Маусым 2007
  • 740
Фото - Caravan.kz

«Бұл тұжырымдама қазіргі уақыт талабына сай келеді. Онда заңды және заңсыз көші-қонға қатысты мәселелерді шешудің басты бағыттары реттеледі»,- деді Ж.Әбдиев.

Ол бүгінге дейін елімізде 2000-2005-жылдар аралығына есептелген көші-қон саясатының тұжырымдамасы жұмыс істеп келенін еске салды. «Бұл тұжырымдама өз өзектілігінен айрылды», деді ол. «БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, Қазақстан көші-қон процесстері бойынша түрлі елдер арасында 15-ші орынға ие болған. Ал 2006-жылдың қорытындысы бойынша Әлемдік банк Қазақстанға 9-орын берді»,- деді Ж.Әбдиев.

«Сөйтіп, еліміз аса ауқымды көші-қон нысанына айналды. Көші-қон саясатының жаңа заманауи тұжырымдамасын қабылдауға осы жайт себеп болды»,- деді ол.

Кездесу барысында депутаттарға таныстырылған көші-қон комитетінің анықтамалық материалдарында атап көрсетілгеніндей, 2007-2015-жылға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы «елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытудың «Қазақстан-2030″ ұзақ мерзімді стратегиясына негізделген» және ол мемлекет басшысының жолдауына сәйкес көші-қон саласындағы басты бағыттарды айқындайды». Тұжырымдаманың басты мақсаты «елімізде көші-қон саласын реттеудің біртұтас жүйелі және біріздендірілген нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруға», «елімізге жоғары білімді, инновациялық, қаржылық және инвестициялық әлеуеті бар иммигранттарды тарту саласында іріктемелі саясат жүргізуге», сондай-ақ, «еліміздегі әлеуметтік-экономикалық сұранысқа сәйкес жұмыс күші нарығын реттеуге» саяды.

Комитеттің хабарлауынша, қазір тұжырымдама жобасы мүдделі мемлекеттіке органдарға келісуге жіберілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті