«Қазіргі жағдаймен даму институттары аймақтарда жалпы құны 5 млрд долларды құрайтын 150 жобаны мақұлдады, оларға қатысу ауқымы шамамен 1,6 млрд долларды құрайды»,- деді Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, жобалардың 75 проценті мен қаржының 70 проценті 7 облыстың үлесіне тиеді. «Бұл Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы. Жобалардың санымен алда келе жатқан аймаққа Алматы — 44 жобамен жатса , ал қаржы көлемімен Маңғыстау облысы — $839 млн алда келеді», — деді «Қазына» басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті