Ақтөбе облысында адамды заңсыз бас бостандығынан айырған облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында адамды заңсыз бас бостандығынан айырған облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды

Ақтөбе облысында адамды заңсыз бас бостандығынан айырған облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды

АСТАНА. 4-маусым.Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында адамды заңсыз бас бостандығынан айырған облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Маусым 2007
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 29-мамырда Ақтөбе облысының екі тұрғынын ұстады. Олардың бірі «Пантелей» деген лақап аты бар қылмыстық ортаның серкесі. 1998-жылы ол билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылған»,- деді Б.Қожахметов. Оның айтуынша, 21-мамырда тұтқындалғандар Алға ауданының тұрғынын қанаушылық мақсатында егіс алаңына әкеліп, моншада бір тәулік бойы ұстаған. «Оны шынжырмен матап, қатты соққыға жыққан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- деді ол.

Сонымен бірге Б.Қожахметовтың айтуынша, өткен аптада РФ шекаралық аудандарымен облыстарымен ықпалдастық шараларының аясында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Оралда өткен жылғы қыркүйекте аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін Грозный құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан Шешенстан азаматын құрықтады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті