Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3-маусымда 20 сағат 10 минутта жылдамдығы секундына 15-19 метрге жеткен оңтүстік-батыстан соққан жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Салық комитетінің ғимараты зақымданып, оның 500 шаршы метр шатыры жұлынды. Сонымен бірге №101 орта мектеп пен №2 «Сырдария» кешенінің шатырлары жұлынды. 24 жастағы қыз жарақатанып, ауруханаға жеткізілді. «Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті