Шығыс Қазақстан облысында балалар тастанды құдықтан радиоактивті заттары бар 10 әйнек ампула тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында балалар тастанды құдықтан радиоактивті заттары бар 10 әйнек ампула тауып алды

Шығыс Қазақстан облысында балалар тастанды құдықтан радиоактивті заттары бар 10 әйнек ампула тауып алды

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Ивановка ауылында балалар тастанды құдықтан радиоактивті заттары бар 10 әйнек ампула тауып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Маусым 2007
  • 498
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұзындығы 10 см және диаметрі 2 см-лік ампулада «Цезий-133» деген маркировка болған. Оқиға орнына келген комиссия радиациялық зерттеу нәтижесінде гамма-сәуленің эквивалентті дозасының қуаты 0,12-0,15 мкЗв/сағ екенін анықтады. «Бұл белгіленген радиациялық қауіпсіздік нормаларынан және белгіленген деңгейден артпайды және осы маңдағы табиғи гамма-фонға сәйкес келеді»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті