Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3-маусымда 20 сағат 56 минутта қалалық әкімшіліктің ғимаратында 100 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 60 адам мен 9 техникадан құралған күштері сөндірді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге сол күні Қызылордада «Ертіс» азық-түлік дүкенінің шатыры өртенді. Өрт 180 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 20 сағат 50 минутта 9 адам мен 2 техниканың күшімен сөндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті