«Еліміздегі саяси реформалар кәсіпкерлік белсенділікке жаңаша серпін береді және әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді шешуде мемлекет пен жеке меншік сектордың күш жігерін біріктіру мүмкіндіктерін мейлінге кеңейте түседі»,- деп мәлімдеді К.Мәсімов.
«Жаңаша саяси шарттар үкіметтің өзіне де өз іс-қызметін жетілдіре түсуге және мемлекеттік қызметтердің сапасын жан-жақты көтеруге міндеттейді», деді үкімет басшысы.
«Сөйтіп, әкімшілік реформа саяси сахнадағы өзгерістердің логикалық жалғасына айналды. Бүгін қаралып отырған тұжырымдамадағы оның мақсаты — мемлекет пен жеке бизнестің жауапкершілігі сфераларын айқын бөлу, мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігінің тиімді жүйесін құру, кәсіпкерліктің дамуы мен жұмыс істеуіне қолайлы орта қалыптастыру болып табылады»,- деді ол.
К.Мәсімовтың пікірінше, «мемлекет пен жеке меншік сектордың өзара тиімді әріптестігі қоғамды модернизациялау жөнінде президент алға қойған мақсаттарды шешудің бір міндетті шарты».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті