Қостанай облысында 550 килограмм есірткі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 550 килограмм есірткі жойылды

Қостанай облысында 550 килограмм есірткі жойылды

ҚОСТАНАЙ. 5-маусым. Kazakhstan Today. Қостанай облысында осы жылдың наурыз айында тәркіленген 550 килограмм есірткі жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Маусым 2007
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Қостанай облысының Әулиекөл ауданында соттың шешіміне сәйкес 532 килограмм марихуана мен 13 килограмм гашиш өртелді. Шараны Әулиекөл аудандық есірткіні жою жөніндегі комиссиясы жүзеге асырды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі «Наркощит» деп аталатын шұғыл-профилактикалық шара аясында өткізілді. Маусымның 1 мен 7 аралығында өткізілген бұл шара есірткіге қарсы үгіт-насихат пен есірткіні екінші айналымға салуға жол бермеуге бағытталады.

ІІД инспекторы Гүлнәр Чунчалинованың айтуынша, жалпы алғанда осы жылдың 5 айында Қостанай облысында жойылған есірткілік және психотроптық зататрдың жалпы салмағы 580 килограмнан асты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті