«Агенттіктің бастамасымен «Сандж» зерттеу орталығының көмегімен алғаш рет 2006 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік кедергілерді анықтауға зерттеу жүргізілді»,- деп түсіндірді Зауытбек Тұрысбеков.
Агенттік басшысының мәліметтеріне сәйкес, «халықтың көмегімен мемлекеттік қызмет көрсетудегі 10 әкімшілік кедергі анықталды: кезектің үлкен болуы (41 пайыз), таныс арқылы қызмет көрсету (38 пайыз), теріс ниетті қызметкерлер (27 пайыз), ыңғайлы күту орнының болмауы (25 пайыз), қызмет көрсету мерзімінің өте ұзақтығы (25 пайыз), мәселенің шешілуін негізсіз кейінге қалдыру (25 пайыз), бопсалаушылық (23 пайыз), түсіндірме ақпараттың болмауы (22 пайыз), нашар ұйымдастырылған қызметкерлер (20 пайыз), рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімінің үлкендігі (19 пайыз)».
Зерттеу нәтижесі бойынша ең жоғарғы әкімшілік кедергілері бар мемлекеттік органдардың бірінші бестігіне кіргендер: жерді тіркеу, сәулет қызметі, төлқұжаттандыру орны, жұмыспен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау органдары, техникалық санақ бюросы, соттар. Жемқорлық деңгейі бойынша «көшбасшылар» қатарына жол полициясы, кеден және санитарлық-эпидемиялогиялық станция кіріп отыр. Төртінші орынға жоғарғы оқу орындары мен балабақшалар кірсе, бесінші орында — архитектура.
Зауытбек Тұрысбеков халықтың тек қана кезекте тұрғаннан жоғалтатын шығыны 8,7 млрд теңгені құрайтындығын атап өтті. Шағын бизнеске әкімшілік кедергілерден келетін шығын өнімнің жылдық көлемінің 10 пайызын құрайды, оған қоса 16,9 млрд-қа жуық теңге пара беруге кетеді. Жемқорлылық деңгейі ең жоғары мекемелерге кеден органы — 17,4 млрд теңге, соттар — 13,3 млрд теңге, қаржы полициясы — 9,7 млрд теңге, әкімшіліктер — 9,3 млрд теңге, әділет органдары — 8,5 млрд теңге кірді.
Зерттеудің барлық нәтижелері «Әкімшілік кедергілер сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қайнар көзі» кітабында қамтылған. Зауытбек Тұрысбековтың айтуынша, олар мемлекеттік органдардың іс-қызметін жетілдіру үшін қолданылатын болады. Агенттік басшысы осы тектес зерттеуді жыл сайын жүргізіп, олардың нәтижелері бойынша сәйкес ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отырғандығын атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті