«Онда комитеттің парламентпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарының ұстанымы көрсетілуі, сондай-ақ осы орган жұмысының тиімділігін көтеру шарттары белгіленуі тиіс», дейді баспасөз қызметі.
О.Өксікбаев президентке ағымдағы жылдың төрт айында жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері туралы баяндады. Атап айтқанда, Есеп комитетінің төрағасы мемлекет басшысын парламент қарауына ұсынылған үкіметтің есебіне қорытындымен таныстырды.
«Комитет республикалық бюджетті орындау жөніндегі жұмыста салықтық және бюджеттік заңнаманың жетілдірілмеуі себебінен орын алған елеулі кемшіліктерді анықтады», — деді О.Өксікбаев журналистерге арналған брифингте.
Мемлекет басшысына сондай-ақ республикалық бюджет шығындарының қызметтік топтар және бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлініп көрсетілген есебі ұсынылды. Президент қаржылық бақылауды күшейту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржы тәртібін нығайту қажеттігін атап көрсетті.
Сол күні президент еліміздің бас прокуроры Рашид Түсіпбековті қабылдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті