Байқоңырға АҚШ-тың "DirecTV-10" ғарыштық аппараты жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға АҚШ-тың  "DirecTV-10" ғарыштық аппараты жеткізілді

Байқоңырға АҚШ-тың "DirecTV-10" ғарыштық аппараты жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 6-маусым. Kazakhstan Today. Байқоңырға АҚШ-тың "DirecTV-10" ғарыштық аппараты жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 6 Маусым 2007
  • 671
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыштық аппарат бүгін таңертең «Юбилейный» әуежайына Ан-124-100 «Руслан» ұшағымен жеткізілді.

Ұшақтан түсірілгеннен кейін аппарат пен қосалқы жабдық 92А-50 алаңына жеткізілді. Онда аппарат ұшырылым алдында дайындалады.

«DirecTV-10» ғарыштоық аппараты АҚШ аумағындағы ірі спутниктік телевидение операторы — «DirecTV» компаниясына тиесілі. Салмағы 3 тоннадан асатын «DirecTV-10» спутнигі жер маңы орбитасындағы 9 аппараттан тұратын жер серіктерінің тобын толықтырады. Ол 15 жылға есептелген және HDTV (High Definition Television) форматындағы айқындығы жоғары сандық телевидение хабарларын таратуға арналған. Ол АҚШ, Аляска және Гавай аралдары аумағында кабельдік және жалпыұлттық желілер арқылы хабар тарататын болады.

Осы тектес «DirecTV-8» жер серігін «Протон-М» зымыран-тасығышы Байқоңырдан 2005-жылдың 22 мамырында «Бриз-М» үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына шығарылды.

«Протон-М» зымыран тасығышы «Бриз-М» үдеткіш блогы мен АҚШ-тың телекоммуникациялық «DirecTV-10» аппаратын алып 2007-жылдың 7-шілдесінде ұшырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті