«Бұл келісім екі ел арасында халықаралық автокөлік қатынасымен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, сондай-ақ, осындай тасымалдарды бір жақтың аумағында тіркелген көлік құралымен жүзеге асыруға рұқсат берілген тасымалдаушылармен үшінші елдерге жасауды реттейді»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
«Бұл келісімнің ережелерін пайдалану отандық тасымалдаушылардың халықаралық транспорттық қызметтер нарығындағы бәсекелестік қабілетін көтеруге қолайлы жағдай жасайды. Соның арқасында олардың аталған бағытта жүк тасымалдау үлесін үш еседен артық өсіру межеленген»,- делінген құжатта.
Келісімге 2006-жылдың 26-қарашасында Лондонда қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті