«Келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
«Бұл келісімнің ережелерін пайдалану Қазақстан жағы үшін тиімді, өйткені, бұл Қазақстаннан Ұлыбританияға жасалатын транспорттық автотасымалдың тиімді дәліздерінің бірі»,- делінген құжатта.
Келісімге 2006-жылдың 5-желтоқсанында Брюссельде қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті