Нарықтағы ақпарат көздерінің хабарламаларына сәйкес, импорттық қызу күйіндегі ораманың бір тоннасының бағасы Солтүстік Еуропада мамырдың аяғында 565 АҚШ долларына дейін арзандаған. Енді Солтүстік Еуропадағы бір орамның баға деңгейі CIF Антверпеннің тоннасы 490-500 евроны құрап отыр. Platts агенттігінің бағалауына сәйкес АҚШ-та EXW Индиана маркалы бір орама қаңылтырдың тоннасының бағасы 547 $ көлеміне дейін төмендеді.
Қытай компаниялары Кореяға ораманы тасымалдауда маусымдағы бағаны FOB бір тоннасына 560-570 АҚШ доллары деңгейінде бекітті, Жапон компаниялары өз өнімдерін бір тоннасына 550-600 АҚШ доллары деңгейінде бағалады, ал тайваньдық Chung Hung Steel — FOB бір тоннасын 610 АҚШ доллары бойынша бағалап отыр. Суық күйіндегі орамалардың бағасы бір тоннасына 620 АҚШ долларынан 670-680 АҚШ доллары арасында жоспарланып отыр.
Толық нұсқасын сіздер «2007 жылдың 5-маусымындағы болаттың әлемдік нарығына шолуынан» оқи аласыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті