Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интернет-конференциясы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интернет-конференциясы өтуде

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интернет-конференциясы өтуде

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интернет-конференциясы "Қазақстан - энергия және инновациялар" тақырыбы бойынша өтуде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Маусым 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы интернет- конференцияның тақырыбы ретінде инновация тақырыбын таңдады, сол себепті ақпараттық шараға «Қазақстан — энергия және инновациялар» тақырыбы басты арқау болуда.

«Мемлекет басшысы интернет конференция барысында ең басты деп танылған 30 сұраққа жауап беруде.

Президент on-line режимінде 2 сағат ішінде сұрақтарға жауап қайтарады. «Сұрақтарға мемлекет басшысының өзі тікелей жауап береді. Алдын-ала дайындық көзделмеген. Президент ахуалды және ақпараттарды жақсы білетіндіктен сұрақтарға бірден жауап береді»,- деді президенттің баспасөз хатшысы Е.Байжанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-маусым күні Астана уақытымен сағат 10 мен 12 арасында мемлекет басшысының on-line интернет-конференциясы өтеді. Президентке қоятын сұрақты электронды үкіметтің сайты арқылы немесе akorda@e.gov.kz электронды пошта адресіне жолдауға болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті