КТК мен "Караван" газетінің іс-қызметін тоқтату - таза құқықтық мәселе - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК мен "Караван" газетінің іс-қызметін тоқтату - таза құқықтық мәселе - Назарбаев

КТК мен "Караван" газетінің іс-қызметін тоқтату - таза құқықтық мәселе - Назарбаев

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. "КТК" телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату - таза құқықтық мәселе. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін интернет-конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Маусым 2007
  • 510
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «сөз бостандығы дегеніміз — жауапкершіліктен бостандық деген сөз емес. Сол себепті БАҚ-тардың құқық аясында жұмыс істегені абзал». «КТК мен «Караван» газетінің іс-қызметін тоқтату — таза құқықтық аядағы мәселе. Сонымен бірге, менің білуімше, олар жабылған жоқ. Олардың іс-қызметі уақытша ғана тоқтатылды»,- деді Н.Назарбаев.

«Қазір КТК да, Караван да жұмыс істеп жатыр. Олар жол берілген заң бұзушылықтарды жойды. Кім құқықтық аядан шықпаса, сол қалыпты жұмыс істейді, ал заң бұзғандарға құқықтық сипаттағы шаралар қолданылады»,- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті