Жаңа әділет вице-министрі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа әділет вице-министрі тағайындалды

Жаңа әділет вице-министрі тағайындалды

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Марат Бекетаев әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Маусым 2007
  • 368
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа вице-министрді мекеме ұжымына әділет министрі Зағипа Балиева таныстырды. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін М.Бекетаев ҚР үкімет басшысының кеңесшісі болған.

М.Бекетаев 1977-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туды. 1998-жылы Қазақ мемлекеттік заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша, 2000-жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін «халықаралық бизнес-құқық пәндерінің тобы бойынша құқық мастері» деген мамандық бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1997-жылдың қазан айында Алматыдағы Ұлыбритания кеңесінде құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшіліктен бастады. Бұдан кейін СІМ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде істеді.

Лауазымдық міндеттерін, мемлекеттік қызметті мұқият кіршіксіз атқарғаны үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальімен марапатталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті