Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау комиссиясы "Столичный центр" құрылысынан олқылық таппады - "Базис-А" корпорациясы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау комиссиясы "Столичный центр" құрылысынан олқылық таппады -  "Базис-А" корпорациясы

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау комиссиясы "Столичный центр" құрылысынан олқылық таппады - "Базис-А" корпорациясы

АЛМАТЫ. 7 - маусым. Kazakhstan Today. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау комиссиясы "Столичный центр" құрылысынан олқылық таппады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Базис-А" Корпорациясы" ЖШС хабарлады.

  • 7 Маусым 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Арнаулы комиссия құрылған болатын. Оның құрамына Алматының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесінің мамандары, сондай-ақ жобаны әзірлеушілер және мердігерлік ұйымдардың мамандары кірген. Ғимаратты тексерістен өткізген комиссия ғимарат конструкциясынан қандай да бір сызат немесе басқа да олқылықтар тапқан жоқ», — деп хабарлады құрылыс корпорациясының мамандары.

Естерінізге сала кетсек, жақында республикалық газеттердің бірінде Алматыда «Базис-А» корпорациясы салған «Столичный центр» тұрғын үй кешеніндегі жарықшақ туралы жазылған мақала басылып шыққан болатын. Мақалада негізінен кешен жерге шөгіп, үйлердің бірінде сызат пайда болғандығы айтылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті