Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, індет табылған балалар облыс аудандарында да, Шымкентте де тұрады. Үлкені тоғыз жасар, кішісі төрт жаста. Балалардың ата-аналары қазіргі уақытта тексеруден өтіп жатыр.
Сөйтіп, бүгінгі күнде облыста ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 114, және 14 ананың ВИЧ індетін жұқтырғандығы анықталған. Тоғыз бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті