Алматының қаржы полициясының бастығы "Нұрбанкке" қатысты іс бойынша екі жаққа бірдей сыни көзқараспен қарауға шақырды - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының қаржы полициясының бастығы "Нұрбанкке" қатысты іс бойынша екі жаққа бірдей сыни көзқараспен қарауға шақырды - телеарна

Алматының қаржы полициясының бастығы "Нұрбанкке" қатысты іс бойынша екі жаққа бірдей сыни көзқараспен қарауға шақырды - телеарна

АЛМАТЫ. 7 - маусым. Kazakhstan Today. Алматының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Владимир Курбатов "Нұрбанкке" қатысты іс бойынша екі жаққа бірдей сыни көзқараспен қарауға шақырды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "31 арнасына" сілтеме жасай отырып.

  • 7 Маусым 2007
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Мен сіздерді екі жаққа бірдей сыни көзқараспен қарауға шақырамын»,- деп мәлім етті Владимир Курбатов телеарна эфирінде. «Әркім өзіне тиесілі жазаны алуға тиіс»,- деп атап көрсетті.

«Кінәлілер — «Нұрбанктің» бұрынғы қызметкерлері Ғылымов пен тағы басқалары ұрлық пен қитұрқылықтары үшін өздеріне тиесіліні жазаны алуға тиіс»,- деді Владимир Курбатов. Сонымен қатар ол «тағы бір кінәлі жақ — банктің бұрынғы басшылары да Ғылымовқа қатысты заңсыз әрекеттері үшін жазалануға тиіс», деп санайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті