Қазақстан ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітті

Қазақстан ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітті

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекіту жөніндегі" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Маусым 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Бұл конвенцияға бірігудің орынды болатын себебі, қазір ТМД аясында демократиялық сайлаулар өткізу, саяси партиялардың сайлауларға қатысу жайы, сайлау туралы ақпараттар тарату мен оларға халықаралық бақылау жасау, сайлау құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, негізгі стандарттары бар біртұтас халықаралық құқықтық құжат жоқ»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Конвенцияға 2002-жылдың 7-қазанында Кишинев қаласында қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті