Президент 23-маусымды Полиция күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент 23-маусымды Полиция күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Президент 23-маусымды Полиция күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 8-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 23-маусымды Полиция күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 8 Маусым 2007
  • 2143
Фото - Caravan.kz

«ҚР «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001-жылғы 13-желтоқсандағы заңының 4-бабына сәйкес ҚР президентінің 1998-жылғы 20-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» №3827 жарлығына мынадай толықтыру енгізуді қаулы етемін: аталмыш жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелердің тізімі «23-маусым- Полиция күні» деген төртінші абзацпен толықтырылсын»,- делінген құжат мәтінінде.

Мемлекет басшысының жарлығы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті