Иран түрікмен газын өз аумағы арқылы Әзербайжанға транзитті тасымалдауға келісім бермеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран түрікмен газын өз аумағы арқылы Әзербайжанға транзитті тасымалдауға келісім бермеді

Иран түрікмен газын өз аумағы арқылы Әзербайжанға транзитті тасымалдауға келісім бермеді

БАКУ. 8-маусым. Kazakhstan Today. Иран түрікмен газын өз аумағы арқылы Әзербайжанға транзитті тасымалдауға келісім бермеді. Бұл туралы кеше Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының инвестиция және маркетинг жөніндегі вице-президенті Эльшад Насиров журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Маусым 2007
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Түрікмен газын Иран аумағы арқылы Әзербайжанға транзитті тасымалдау жөнінде келіссөздер жүргізілуде, алайда, Иран бұл транзитке рұқсат бермей отыр»,- деді Э.Насиров.

Оның айтуынша, Иран түрікмен газын сатып алып, оны Әзербайжанға сатуға ғана құлықты.

«Әзербайжанға Түрікменстан мен Қазақстанды өзіне транзитті қосу шағын партияларды сатып алып нарықта сатудан әлдеқайда тиімді. Егер Түрікменстан өз газын біздің аумақ арқылы өткізуге құлық танытса, онда біз бұл транзитті өз аумағымыз арқылы жүзеге асыруға дайынбыз»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті