Бішкекте болатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті кезінде ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте болатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті кезінде ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылмақ

Бішкекте болатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті кезінде ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылмақ

БІШКЕК. 8- маусым. Kazakhstan Today. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының Қырғызстанда өтетін саммиті барысында ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады. Бұл туралы кеше Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының даму болашағына арналған халықаралық ғылыми бас қосуда баяндама жасаған Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Адахан Мадумаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Маусым 2007
  • 527
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Республикасының мемлекеттік хатшысының айтуынша, келісім Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Мемлекет басшыларының еңесінің алдағы отырысындағы басты құжат болмақ. Ол ұйым мүшелерінің мүддесіндегі салаларда ұзақ уақыт мерзімінде өзара қатынастарды дамыту мен нығайтуға бағытталады.

«Қазіргі уақытта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бішкек саммитіндегі күн тәртібін жасауға, сондай-ақ, Мемлекет басшыларының кеңесі кезінде қол қойылуы болжанып отырған құжаттар тізімін жасауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде», — деп атап көрсетті А. Мадумаров. «Қорытынды саяси құжат — Бішкек декларациясын жасау бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Алғашқы бағдарлама мен саммит сценарийі дайындалды, мазмұндық және ұйымдастырушылық-хаттамалық сипаттағы өзге де мәселелер шұғыл түрде шешілуде», — деді мемлекеттік хатшы.

Қырғызстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, сонымен қатар, биылғы жылдың маусым-шілде айларында Бішкекте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс және сыртқы істер министрлері деңгейінде кездесу болатынын хабарлады.

Бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті биыл 16-шы тамызда Қырғызстан астанасында өтеді. Бұл шараға қатысу үшін республикаға шамамен алғанда 3 мыңнан астам қонақ келеді деп күтіліп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті