«Жақсы беталыстардың бірі — бұл зейнетақы жинағының үздіксіз өсу динамикасы. Егер өткен жылы республика бойынша зейнетақы жинағының жалпы өсімі айына 10 — 13 млрд теңгені құраса, осы жылы — 13 — 15 млрд теңгені құрап отыр және бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге жеткен»,- деді С. Мейіржанов.
Қор төрағасының орынбасары Светлана Хайруллина өз кезегінде, республикада «таза инвестициялық кіріс үстіміздегі жылдың 1-мамырында 270,2 млрд теңгені (2,3 млрд АҚШ долларын), немесе жалпы зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 27,4 пайызын құрағандығын» хабарлады. 2006 жылдың осы кезеңінде аталмыш көрсеткіш 26 пайызды, 2005 жылы — 24 пайызды құраған. С. Мейіржановтың пайымдауынша, «бұл еліміздегі зейнетақы жүйесінің дамуындағы тағы бір оң беталыс».
Сонымен қатар ол, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша номиналдық кірістің орташа көрсеткіші 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңінде инфляция 7,7 пайызды көрсетіп тұрғанда 9,14 пайызды құраған, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 7,7%-ды құраған. С. Мейіржановтың пайымдауынша, «инфляция зейнеттік жинақтарды жойып отырған үрдіс артта қалды». «Сіз бен біздің жинағымыз қорғалған»,- деп қосты зейнетақы жинақ қорының төрағасы.
Ол сондай-ақ, «зейнетақы жинақ жүйесіне сенімнің бір элементі ерікті зейнетақы есеп шоттарының өсуі болып табылатындығын» атап көрсетті. «Қазір Қазақстандағы барлық қорлар осындай есеп шоттарға ие, және де олардың саны 40 мыңнан асып жығылады»,- деп қорытындылады С. Мейіржанов.
Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау және реттеу жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, республикада 2007 жылдың 1-сәуірінде салымшылардың (алушылар) зейнетақы жинағы 963,6 млрд теңгені құрады, зейнетақы төлемдерінің жалпы түсімі 733,4 млрд теңгеге жеткен. Салымшылардың міндетті зейнетақы төлемдері бойынша дербес зейнетақы есеп шоттарының саны 8 736 626 құраған, оның ішінде ерікті зейнетақы төлемдері бойынша — 38 576 (жинақтың жалпы сомасы 677,3 млн теңге), ерікті кәсіби — 3758 (36,7 млн теңге).
2007 жылдың 1-сәуірінде 14 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет істеген, олардың еліміздің аймақтарында 77 бөлімшесі және 74 өкілдігі бар. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды 12 ұйым атқарады, олардың 6-ы зейнетақы активтерін өздігімен басқаруға лицензиясы бар зейнетақы жинақ қорлары: «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖЗҚ» АҚ, «Қазақстанның Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Қазақстан Тұранәлем банкі жинақтаушы зейнетақы қорының» еншілес ұйымы» АҚ, «Капитал» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Қазақмыс» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ.
Сонымен қатар, 18-мамырда Қаржылық қадағалау агенттігі жаңа «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнетақы төлемдерін тарту бойынша және зейнетақы төлеуді жүзеге асыру бойынша іс-қызметіне лицензия берді. Ал 2007 жылдың 19-мамырында Агенттіктің «Валют — Транзит Фонд» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ консервациялауын мерзімінен бұрын аяқтау және лицензияны компаниядан қайтарып алу туралы қаулысы (2007 жылдың 12-мамырындағы) күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті